Алматы облысында 257 азаматтың жалақы бойынша берешегі өтелді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- Алматы облысында 257 азаматтың жалақы бойынша берешегі өтелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы прокуратурасы азаматтардың еңбек құқығын сақтау бойынша талдау барысында 2 мекемеде («Qazaq Glass Company» ЖШС және «Ақсу Қант» ЖШС) 257 жұмысшыға 17,2 млн теңге жалақы төленбегенін анықтады. Қабылданған шаралар арқылы аталған мекемелерде жалақы бойынша қарыз толығымен өтеліп, жауапты тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылып, азаматтардың еңбек құқығы қорғалды « делінген аталған ведомство таратқан ресми ақпаратта.

Айта кету керек, 2019 жылы облыс прокуратурасы мен құзіретті органдардың бірлесіп жұмыс істеу қорытындысы бойынша мыңнан аса азаматтың 150 млн теңгеден асатын жалақы бойынша берешегі қайтарған.


Соңғы жаңалықтар