+7 (701) 759 90 19
USD 428.68 EUR 507.21
RUB 5.57 CNY 64.2
Jańalyqtar

Алматы облысында 150 браконьер жауапқа тартылды

2020 жылғы 20 ақпан 13:10
Бөлісіңіз:
Алматы облысында 150 браконьер жауапқа тартылды

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы аумағында полицейлер биыл табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 162 дерегін анықтады, оның 12 дерегі бойынша қылмыстық іс қозғап, сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қоршаған орта мен табиғи байлықты қорғау мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес осы күндері облыс аумағында «Браконьер» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. Мүдделі табиғат қорғау органдарымен бірлесіп, браконьерлерді анықтауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды. Айта кетсек, жыл басынан бері браконьерлерден 22 аңшы қаруы тәркіленді. Оның 7 заңсыз сақталған, сондай-ақ екі жарым тоннадан астам балық, атып алынған 4 елік пен 1 қабан, сонымен қатар 34 су тышқаны мен әртүрлі 20 құс тәркіленді»,- деп атап өтті Алматы облысы ПД Табиғатты қорғау полициясының бастығы полиция подполковнигі Ерлан Қожақов.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары екі күн ішінде 41 құқықбұзушылықты анықталған. Оның ішінде заңсыз аң аулаудың 28, заңсыз балық аулаудың 10 және заңсыз ағаш кесудің 1 дерегі бар.

«Кейбір азаматтар аң-құсты аулауда қатігездік танытатын кездері болады. Атап айтқанда, жақында полицейлер түнгі уақытта Іле өзенінің жағасында заңсыз балық аулаумен айналысқан Қарасай ауданының 31 жасар тұрғынын ұстады. Күдіктінің елімізде пайдалануға заңмен тыйым салынған, 10-15 метр қашықтықтағы тірі тіршілік иелерін жаппай қырып-жоятын «электрлі қармақты» қолданғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деп толықтырды подполковник Е. Қожақов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT