Алматы облысында 14 жастағы оқушыны зорлады деген күдікпен 4 жігіт ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 14 жастағы оқушыны 4 жігіт зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

4 күдіктінің үшеуі 17 жаста. Біреуінің жасы 18-де. Қазір барлығы да қамауда отыр.

Сұмдық жайт Текелі қаласында болған. Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі ҚазАқпарат тілшісі анықтаған оқиғаны растады.

«10 шілде күні Текелі қалалық полиция бөліміне 36-жастағы Ескелді ауданының тұрғынынан оның 14-жасар қызы зорланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру шаралары барысында 4 күдікті анықталды. Олардың біреуі 18 жаста және қалған үшеуі 17-і жастағы Текелі қаласының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда ҚР қылмыстық кодексінің 120 бабының 3 бөлігімен қылмыстық іс тергелуде, іс бойынша бірқатар саараптамалар тағайындалды. Күдіктілер қамаққа алынды»,- делінген Алматы облысы ПД баспасөз қызметі растаған ақпаратта.


Соңғы жаңалықтар