Алматы облысында 14 және 16 жастағы екі жасөспірім із-түзсіз кетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат - Алматы облысында 14 және 16 жастағы жасөспірімдер жоғалып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 2004 жылы туған Лунина Елизавета мен 2006 жылғы Лунин Виталий 12 қаңтар күні үйден шығып кетіп, қайта оралмаған.

Қаратал ауданына қарасты Ортатөбе ауылының тұрғындарын іздеуге тәртіп сақшылары кірісіп кеткен. Елизавета үстіне тон, қара шалбар, қара етік киген. Ал Виталийдің үстінде - қара күртеше, басында - жасыл малақай, аяғында - қара кроссовки болған.

«Егер кімде-кім із-түзсіз жоғалған адамдар жайлы қандай да бір ақпарат білетін болса, 8 (72834) 2-10-02 және 8 (705)195-87-97 телефондарына немесе 102 нөміріне, Қаратал аудандық полиция бөлімшесіне хабарласуын сұраймыз» делінген ведомство мәліметінде.



Соңғы жаңалықтар