Алматы облысында 13 жасар оқушыны зорлаған күдікті ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында 13 жасар оқушыны зорлаған күдікті ұсталды. Ішімдік ішкен 34 жастағы ер адам қыз баланы үйіне алдап әкелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға Талғар ауданында болған. Полицейлердің мәліметінше, 4 қараша күні саяжай тұрғындарының бірі арыз жазған. Шағымданушының айтуынша, оның баласын ауылдағы көршісі зорлаған.

«Талғар ауданының полицейлері баланы зорлады деген күдікпен 34 жастағы ер адамды ұстады. Оның бұған дейін де ұрлық жасап және денсаулыққа ауырлығы орташа жарақат келтіргені үшін сотталғаны анықталды. Күдікті өзінің арам пиғылын ішімдік ішіп жүзеге асырған. Яғни, ол кәмелеттік жасқа толмаған баланы үйіне алдап әкеліп, қылмысын істеген. Қазір күдікті қамауға алынды», - деп мәлім етті Алматы облыстық ПД баспасөз қызметінен.

Күдіктінің үстінен соталды тергеу ҚР ҚК 120-бабының 4-бөлігі бойынша жүріп жатыр. Бұл факті облыстық Полиция департаменті тергеу басқармасының қатаң бақылауына алынды.

Соңғы жаңалықтар