Алматы облысында 109 адамнан коронавирус анықталды
Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, коронавирусты жұқтырғандардың басым бөлігі — талдықорғандықтар. Яғни, Талдықорған қаласында 22 жағдай, Талғар ауданында – 16, Жамбыл ауданында – 15, Қарасай ауданында – 10, Панфилов ауданында – 9, Ұйғыр ауданында – 8, Еңбекшіқазақ ауданында – 6, Текелі қаласында – 5, Ескелді ауданында – 4, Іле және Қаратал аудандарында 3 жағдайдан, Кербұлақ және Көксу аудандарында 2 жағдайдан, Ақсу, Балқаш, Кеген аудандары мен Қапшағай қаласында 1 жағдайдан тіркелді.
Өңір «сары» аймақта.
«Ауруханаларда 2014 адам ем қабылдауда. Соның 48-інің жағдайы ауыр. 1 тәулікте 114 адам ауруханаларға ем қабылдауға жатқызылды. Жұқпалы аурулар стационарларындағы орындар 42%-ке толған»,- делінген ведомствоның хабарламасында.
Өткен тәулікте облыс бойынша 290 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
«Соңғы 3 күнде 5804 адамның сынамалары ПЦР зертханаларда тексерілді. Науқастармен қарым-қатынаста болған 226 адам анықталып, барлығы үй карантиніне және медицина қызметкерлерінің бақылауына алынды»,- деп толықтырды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметінен.