Алматы облысында 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Жыл соңына дейін Алматы облысына жаңадан 100 жедел жәрдем көлігі сатып алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысының жедел жәрдем қызметі күніне 3 мың қоңырауға дейін қызмет көрсетеді. Үлкен салмақ түсіп жатыр. Сондықтан облыс әкімі бригадаларды көбейту туралы шешім қабылдады. Жыл соңына дейін 100 жедел жәрдем көлігін қосымша жеткізу күтілуде. Оның 70-і лизинг арқылы және 30 автокөлік жергілікті бюджеттен алынды. Жеткізу келесі айда басталады», - деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов брифинг барысында.

Сонымен қатар, жедел жәрдем көліктеріне өкпені жасанды желдетуге арналған 57 аппарат орнатылды.

Соңғы жаңалықтар