Алматы облысына Мемлекеттік хатшы іссапармен келді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова іссапармен Алматы облысына келді. Сапар барысында Талдықорғандағы «Алтын бесік» балабақшасының жұмысымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

null null
Мектепке дейінгі тәрбие мекемесі жуырда ғана мемлекеттік және жеке меншік әріптестік негізінде, кәсіпкер Қанат Жұлыновтың бастамасымен салынған болатын. 320 орындық балабақшада 16 топ бар. Онда 100-ге жуық азамат жұмыспен қамтылған.

Жалпы Талдықорған бойынша 8 мыңға жуық бала балабақшаға барады. Қала бойынша 16 мемлекеттік, 26 жекеменшік мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеп тұр. Жыл соңына дейін балдырғандарды бақшамен қамту көрсеткіші 87 пайызға жеткізілмек.

Сондай ақ Гүлшара Әбдіқалықова былтыр пайдалануға берілген Көксу орталық ауруханасында да болды. Сапар соңында ол облыстың әйелдер қауымымен кездеседі. Мемлекеттік хатшы Жастар форумына қатысады деп жоспарлануда.

null  

Соңғы жаңалықтар