Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы тергеуге алынды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысы 1,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментімен бірлесе, ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Алматы облысы Текелі қаласы әкімінің аппарат басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Ол «2020 жылға дейін өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылатын Текелі қаласының аумағын аббаттандыру туралы жасалған шарттар бойынша Қоғамдық бірлестіктің директорынан Қоғам қызметіне жалпы қолдау көрсеткені үшін 1 500 000 теңге сомасында пара алуда күдікті болып отыр», - делінген Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің хабарламасында.

Қазір күдіктіге қатысты тергеп-тексеру жалғасуда. Оның кінәсінің дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.


Соңғы жаңалықтар