Алматы облысы Панфилов ауданының пара алған шенеуніктеріне үкім шықты

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Панфилов ауданында пара алған шенеуніктерге үкім шықты, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Іс материалына сәйкес, Панфилов ауданы әкімінің орынбасары Т есімді азамат 200 мың теңге пара алған. Ол ҚР ҚК 366 бабының 2 тармағы бойынша кінәлі деп танылып, 6 000 000 теңге айыппұл салынды.

Сондай-ақ аталған ауданның құрылыс бөлімінің бас маманы К. 100 000 теңге және осы бөлімнің жетекшісі И. 50 мың теңге пара алған. Анықталғандай, «Техно Снаб 2002» ЖШС-нің менеджері С. бірнеше рет пара бергені анықталды. Жалпы қаражат көлемі 350 мың теңге. Сотталушы К. ҚР ҚК 366 бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған 2 500 000 теңге, ал И. есімді азаматқа 1 250 000 теңге айыппұл салынды. Ал параны берген ЖШС-нің С. есімді менеджері 7 000 000 теңге айыппұл төлейтін болды. Бұл қаражат мемлекеттің пайдасына өндіріледі. Барлық сотталушылар мемлекеттік қызметте, құзырлы органда жұмыс істеу құқығынан өмір бойына айырылды.

Анықталғандай, Панфилов ауданының құрылыс бөлімі «Техно Снаб 2002» ЖШС-і арасында құрылыс жұмыстары бойынша келісімшарт жасалған. Аталған серіктестік Пенжім (Нұркент) ауылында 60 пәтерлі тұрғын үй салған. Бұл жұмыстарға 993 440 000 теңге қаржы бөлінген. Атқарылған жұмыстардың актісіне және алдағы уақытта да қамқорлық көрсету үшін шенеуніктер аталған серіктестіктің менеджерінен пара алған.

Сот үкімі күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар