Алматы облысы: Қызылағашта ауылдасын аңшы мылтығымен атқан ер адам ұсталды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының Қызылағаш ауылында тұрғын өзгеге қарумен оқ атып, қамауға алынды, - деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақсу ауданының полиция қызметкерлерінің жылдам әрекет етуінің нәтижесінде күдікті анықталып, ұсталды.

«24 қыркүйек күні Ақсу ауданы Полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне белгісіз адамнан Ақсу ауданы, Қызылағаш ауылында оқ атылғаны жайында хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына жеткен Ақсу АПБ-нің қызметкерлері сол ауылдың тұрғынына 16-калибрлі аңшы мылтығынан оқ тигенін анықтады. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігімен қылмыстық іс қозғалды»,- деді Ақсу АПБ бастығы полиция подполковнигі Дәурен Сәкенов.

Жедел іздестіру іс-шараларын өткізу барысында сол ауылдың 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Оның тіркелмеген қарудан оқ атып, қоғамдық орында қару қолдану арқылы денсаулыққа зиян келтіргені анықталды. Күдікті ҚР ҚПК-нің 128-бабына сәйкес Ақсу АПБ-нің уақытша ұстау оқшаулағышына қамаққа алынды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде


Соңғы жаңалықтар