Алматы облысы: Әкімдік стадион үшін «кесілген» ағаштарға түсінік берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі Шелек ауылында стадион салу үшін тоғайдағы ағаштардың кесілуі мүмкіндігі туралы ақпаратқа жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Экобелсенді Салтанат Тәшімова Facebook-парақшасында стадионның құрылысы үшін Шелектегі жалғыз тоғай кесілетіндігі жөнінде жазды. Онда көпжылғы 400 ағаш бар.

Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі аталмыш жазбаға жауап берді.

«Шелек ауылында тоғайдағы 400 ағашты кесу басталғаны туралы жазбаңызға келесіні хабарлаймын, осы уақытқа дейін Шелек ауылының тоғайында бірде-бір ағаш оталған жоқ. Тоғайда стадион бар. 2022 жылға қарай Шелек ауылында 3,40 га аумақта дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салу жоспарлануда. Бүгінгі күнде құрылыстың жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда», - деп жауап берді аудан әкімдігінде.

Автор: Еламан Тұрысбеков


Соңғы жаңалықтар