Алматы облысы: «25 жұлдызды күн» аясында еріктілер қарттарға қамқорлық үлгісін көрсетті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысы Сарқан ауданының «Жас Отан» белсенділері мен «Парыз» жастар қоғамдық бірлестігінің еріктілері соғыс ардагерлері мен жалғыз басты қарттардың ауласын қардан тазартып, түрлі жұмыстар бойынша көмек көрсетуде. Шара Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында өтіп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ардагерлерді ардақтайық» атты науқан Алматы облысы Сарқан ауданының барлық елді мекендерінде ұйымдастырылуда. Шара барысында аудан еріктілері Ұлы Отан соғысының ардагерлері, жалғыз басты қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың ауласын қардан тазартып, шаруашылық бойынша әртүрлі көмектер көрсетуде. Осылайша, 1 апта ішінде 40-қа жуық үйдің ауласы қардан тазартылған.  Бұл шара қыс соңына дейін жалғасын таппақ. 
null 

 Еске сала кетейік, Алматы облысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығын кең көлемде атап өтудің кешенді жоспары әзірленген болатын. Мерекенің негізгі бағдарламасына қосымша айтулы күнге айшықты реңк беретін 25 ірі шара облыс тұрғындарына ерекше сый болмақ.
null 

«25 жұлдызды күн» 21 қарашадан басталып, 15 желтоқсанға дейін жалғасады. Ал мерейтойлық шаралар әлеуметтік-экономикалық дамудың барлық салаларын қамтиды. Атап айтқанда, жұлдызды күндер аясында заманауи кәсіпорындардың ашылуы, жаңа жұмыс орындарының құрылуы, түрлі қайырымдылық шаралары, тұрғын үйлерді және басқа да әлеуметтік маңызды нысандарды пайдалануға беру, спорттық жарыстар, кітаптардың, деректі фильмдердің тұсаукесерлері және басқа да шаралар бар.
null 

Соңғы жаңалықтар