Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облыстық сотының 8 маманы коронавирус жұқтырды. Қазір олардың барлығы оқшауланды, мекеме карантинге жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыстық соттың 8 маманы індет жұқтырғаны анықталды. Олардың барлығы оқшауланып, дәрігерлердің жіті бақылауына алынды. Мекеме екі апталық карантинге жабық.

Сот ғимараты мен оның аумағы қарқынды залалсыздандырылуда», - деді Алматы облыстық соты баспасөз қызметінің басшысы Самат Авганов.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облыстық сотының ғимараты карантинге жабылғанын хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар