Алматы облыстық кәсіпкерлер палатасына жаңа басшы тағайындалды

Фото: None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат- «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқармасының шешімімен Өңірлік кеңестің келісімі бойынша Алматы облысы бойынша кәсіпкерлер палатасының директоры қызметіне Ләззат Шыңғысбаева тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ләззат Шыңғысбаева 1977 жылы Алматы облысында дүниеге келген. Қазақстан-Ресей университетін бітірген. 2000 жылдан 2007 жылға дейін түрлі бизнес-құрылымдарда жұмыс істеді.

2007-2013 жылдары «Жетісу» ӘКК» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету және сатып алуды ұйымдастыру департаментінің директоры, заң департаментінің директоры, жобаларды басқару департаментінің директоры, «G4» ЖШС «Алматы қаласының серіктес қалалары» жобасының бас менеджері болды.

2013-2017 жылдары Алматы облысының Кәсіпкерлер палатасын басқарды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін «Менің Атамекенім» қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, 2021 жылдан бастап «Adal» саяси партиясының Алматы облыстық филиалының төрағасы болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу органдарына 20 жыл», «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл», «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерейтойлық медальдары марапатталған.


Соңғы жаңалықтар