+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Алматы мұғалімдері кешіккен үстемеақысын 10 қарашаға дейін алады

2020 жылғы 30 қазан 12:47
Бөлісіңіз:
Алматы мұғалімдері кешіккен үстемеақысын 10 қарашаға дейін алады

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі ҚР БҒМ біріге отырып педагогикалық шеберлік үшін төленетін үстемеақы мәселесін шешті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық Білім беру басқармасында хабарлағандай, ҚР БҒМ тарапынан осы мақсатта республикалық бюджеттен қосымша қаражат бөлу мәселесі қарастырылып жатыр.

«Педагогикалық ставкалардың артуына байланысты тапшылық пайда болды. Бұл мақсатта бөлінетін қаражат республикалық бюджетте қарастырылады», - деді басқармадан.

Бүгінде қалада 8100 мұғалім жергілікті бюджеттен 25 пайыздық қосымша үстемеақы алды.

Одан бөлек 15 мың мұғалімге үстемеақы төленбеген болатын.

Қалалық басқарма республикалық бюджеттен қаражат бөлу туралы өтінім берді.

Министрлік тарапынан өтінім мақұлданды. 10 қарашаға дейін барлық мұғалімдер тамыз-қыркүйек айындағы үстемеақысын алады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT