Алматы мен Ташкент арасына автобус қатынайтын болды

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Бүгін Өзбекстан астанасында «Ташкент - Алматы - Ташкент» халықаралық автобус маршрутының ашылуы өтеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА меншікті тілшісі Өзбекстан автомобиль көлігі агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ташкент - Алматы» халықаралық автобус маршрутының ашылуы 2018 жылдың 11 сәуірінде сағат 16-00-де «Ташкент» автовокзалында өтеді. 12 сәуірден бастап «Ташкент» автовокзалынан күніне 3 рейс (16:00, 17:00 және 18:00) қатынайтын болады. «Алматы - Ташкент» бағытындағы автобустар «Сайрам» автовокзалынан жолға шығады.

Маршруттың қашықтығы 818 шақырым, жол жүру уақыты - 16 сағат 30 минут. Жол ақысы 100 мың сум және сәйкесінше 4000 теңге.

Бұдан бөлек, автобус қозғалыстарының кестесін сақтау мақсатында кеденшілер мен шекарашылар «Ташкент - Алматы - Ташкент» бағыты бойынша жолға шыққан уақытта «Гишт куприк» бекеті (Өзбекстан) мен «Жібек жолы» бекетіндегі (Қазақстан)  рәсімдерге байланысты мәселелерді шешті. 

Соңғы жаңалықтар