Алматы мен Алакөл арасында тағы бір пойыз жолға шығады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Алматы-2 – Достық» бағытындағы жаңа №211/212 пойызы аптасына екі рет қатынайтын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Айталық, аталмыш пойыз Алматы-2 станциясынан 1 шілдеден 9 тамызға дейін бейсенбі және дүйсенбі күндері аттанады. Бұл пойыздың вагондары ауа баптағышпен жабдықталған.

Жалпы, Алакөл бағытында жаңа пойызды ескере отырып, 11 пойыз (8-і - «Жолаушылар тасымалы»АҚ, 3 - жеке тасымалдаушылар) қатынап жүр.

Атап айтқанда, Нұр-Сұлтаннан - 3 пойыз; Алматыдан - 5 пойыз (2020 жылы 3 пойыз болған); Шығыс Қазақстан облысынан - 2 пойыз және қала маңында - 1 пойыз.

Ұлттық тасымалдаушы жолаушылардан BILET.RAILWAYS.KZ сайты немесе «ҚТЖ билеттері» мобильді қосымшасы арқылы онлайн билет ресімдеуді өтінеді.

Қажет болған жағдайда теміржол билетін сатып алу үшін «Күту парағы» функционалын пайдалануға болады.

Сондай-ақ, карантин режиміне байланысты жолаушылардың жол бойында және еліміздің вокзалдарында маска режимін сақтағаны абзал.



Соңғы жаңалықтар