Алматы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпара- Алматы Мемлекеттік кірістер департаментіне жаңа басшы тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев ұжымға Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Қанат Баеділовты таныстырды.

Қанат Ескендірұлы Баеділов әр жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті мен Қаржылық бақылау комитетінің аумақтық бөлімшелерінде басшылық қызметтерді атқарды.

Осы уақытқа дейін ҚР Қаржы вице-министрі болды.

Ол онда 2017 жылдың мамырынан 2021 жылдың мамырына дейін жұмыс істеді.

Ерұлан Жамаубаев Қанат Баеділовке алға қойылған міндеттерге қол жеткізуде табыс тіледі.

Бұған дейін ҚР Үкіметінің қаулысымен Қанат Ескендірұлы Баеділов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қаржы вице-министрі қызметінен босатылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар