Алматы мектептеріндегі бейнекамералар полицияға қосылды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мектептеріндегі камералар полицияға қосылды. Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ресей Федерациясының Қазан және Пермь қалаларында болған қайғылы оқиғаларды бәрі біледі. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру мекемелерінде алдын алу шаралары күшейтілді. Бүгінгі таңда қаладағы барлық 207 мектепте 4 414 бейнебақылау камерасы орнатылды, оның 2 620-сы жедел басқару орталығына қосылды. Қалғаны жақын арада қосылады. Сонымен қатар, білім беру ұйымдарында жүргізілген тексеріс, қаланың барлық мектептерінде күзет агенттігіне хабар беретін дабыл түймелері орнатылғанын және жұмыс істеп тұрғанын көрсетті», – деді Қанат Таймерденов.

Сондай-ақ, білім мекемелері дабыл құрылғыларымен жабдықталған, оларда дауыс зорайтқыш байланыс жүйесі де бар, білім беру ұйымдарының әкімшілік ғимараттарына кіруді бақылау және басқару үшін қондырғылар орнатылды.

Сонымен қатар, 150 мектепке дейінгі білім беру мекемесі бейнебақылау жүйесімен жабдықталған.

Соңғы жаңалықтар