Алматы мектептерінде ҰБТ-ға дайындық қалай жүріп жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматылық мұғалімдер мектеп түлектерінің алдағы ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындығы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматыдағы №136 мектеп-гимназия директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Нұргүл Жұманбектің айтуынша, өткен жылы пандемияға байланысты оқушылар соңғы тоқсанды онлайн аяқтаған, бірақ бұл он бірінші сынып оқушыларының тест нәтижесіне әсер еткен жоқ.

Былтырғы түлектер ұлттық бірыңғай тестілеуді оффлайн режимінде барлық санитарлық нормаларға сәйкес тапсырды.

«Биыл біздің мектепте 11-сыныпты 41 оқушы бітіреді. Жаңа оқу жылында түлектер арнайы сайттар арқылы алдын ала тестілеуді онлайн тапсырды. Мұғалімдер күнделікті оқушылармен байланыста болады және барлық дайындық процесі мен сынақ тестілерінің нәтижелерін бақылайды», - деді Нұргүл Жұманбек.

Алматы қаласының білім басқармасы атап өткендей, ҚР Бас санитар дәрігерінің бұйрығымен үшінші тоқсаннан бастап 9 және 11 сынып оқушылары мектепке оралады.

«Үшінші тоқсаннан бастап түлектер дәстүрлі форматта оқиды. Яғни сынақты мектеп қабырғасында өткізеді. Алдағы емтихандарға дайындық бұрынғыдай жалғасады», - деп қосты Нұргүл Жұманбек.


Соңғы жаңалықтар