Алматы мәслихаты Арманжан Байтасовтың депутаттық өкілеттігін тоқтатты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы мәслихатының сессиясында депутат Арманжан Байтасовтың өкілеттігі тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласының мәслихаты мәлімдегендей, депутаттың өкілеттігі оның жеке өтініші негізінде тоқтатылған.

Бұл шешімді Арманжан Мерекеұлы еліміздің және шекаралас мемлекеттердің аумағында жүзеге асырылатын ауқымды медиажобаны іске асырумен түсіндірді.

Арманжан Байтасов «Nur Otan» партиясының мандаты бойынша сайланғандықтан, партияның қалалық филиалы бюросының шешімімен белгілі құрылысшы, Қазақстан Құрылыс саласы одағының басқарма төрағасы Ералы Сауранбаев Арманжан Байтасовтың орнына мәслихат депутаты болып сайланды.

Мәслихаттың кәсіпкерлікті, инновацияларды, ақпараттық технологияларды және креативті индустрияны дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы болып депутат Қайрат Құдайберген сайланды.


Соңғы жаңалықтар