Алматы көшелерінде қызыл түсті жол белгісі пайда болды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы көшелерінде қызыл түсті жол белгісі пайда болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қалалық полиция департаментімен бірге көшелерде қызыл түсті жол белгілерін сызу жұмыстары жүргізілді. Мақсат– жүргізушілердің назарын қауіпті жол учаскелеріне аудару», - деп хабарлады Алматы қалалық мобильдік басқармасы.

Жол белгілері әл-Фараби даңғылында, Сырғабеков, Водозаборная, Желтоқсан, Бұқтырма көшелерінде пайда болды.

Бұған дейін Алматыда Сәтбаев пен Желтоқсан көшелерінің қиылысында сары түсті торлы жол белгісі сызылғаны туралы хабарлаған болатынбыз.




Соңғы жаңалықтар