USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба

2021 жылғы 30 қараша 16:00
Бөлісіңіз:
Алматы коронавирустың қауіпті «Омикрон» жаңа штамына дайын ба

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматының медициналық мекемелері коронавирустың «Омикрон» штамының ықтимал өршуіне дайын ба? деген сауалға қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Аурухана қызметкерлері жаппай тәртіпсіздік кезінде тәулік бойы операция жасады - Алматы Грузияда коронавирус таралуының жаңа рекорды тіркелді: бір күнде – 17 530 жағдай Манипуляция: «SinoVac вакцинасы омикрон нұсқасынан қорғамайды»

«Барлық медициналық ұйымдар коронавируспен күресуге дайын. Пандемия басталғаннан бері қаладағы медициналық мекемелер мен жұқпалы аурулар ауруханалары ауруды емдеп жатыр. Мамандар бірнеше рет оқудан өтті. «Дельта» штамына қатысты да, дәл осындай алаңдаушылық болды. Ал, дайындық үнемі жүргізілді. Бүгінгі таңда Алматыда ауруханалардағы инфекциялық төсек-орындар жеткілікті мөлшерде әзірленді. Сондықтан, біздің медицина қызметкерлері дайын емес немесе төсек жетіспейді деген алаңдаушылық туралы айту мүмкін емес деп ойлаймын», - деді Әсел Қалықова брифинг барысында.

Сондай-ақ, ол әлемде «омикрон» штамы анықталуына байланысты Алматыда шектеу шаралары күшейтілуі мүмкін екені туралы айтты.

Оның айтуынша, шектеу шаралары Денсаулық сақтау министрлігі шешіміне сәйкес қабылданады.

«Шектеулерге келетін болсақ, бәрі коронавирустың жаңа штамының анықталуына, эпидемиологиялық жағдайға байланысты. Бұл шешімді Денсаулық сақтау министрлігі қабылдайды, ол хабарланып, халыққа жеткізіледі. Егер қандай да бір қосымша шектеу шараларды Алматыда енгізу қажет болса, онда да эпидемиологиялық жағдайға қарай енгізіледі», - деді спикер.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT