Алматы қайтадан «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін – қала әкімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Алматы қаласы эпидемиологиялық жағдайға байланысты «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа өтуі мүмкін. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев орталық коммуникациялар қызметінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«23 күнгі репордуктивтік өлшем 1,12-ге жетіп отыр. Айдың басында бұл көрсеткіш 1-ден төмен болатын. Мамыр айында бізде 9939 науқас тіркелсе, бүгінде 3346 болды. Күнделікті өзгеріс көбейіп келе жатыр. Осыған байланысты қайтадан инфекциялық жағдайға жылдам көшу үшін қаладағы 3 көпсалалы аурухананы коронавируске байланысты инфекциялық ауруханаға ауыстыруға жұмыс жүргізуді бастадық», - деді қала әкімі.

Шаһар басшысы аталған емдеу мекемелерінде қазір жоспарлы қабылдау тоқтатылғанын атады.

«Жоспарлы түрде қабылданатын науқастарды қабылдау қазір тоқтатылды. Бір апта бойында бақылаймыз. Егер осылай жалғаса беретін болса, онда біздің жобамыз бойынша қазір «сары» аймақта тұрсақ, қызыл аймаққа өту қаупіміз бар. Үндістандық штамм соған алып келе жатыр», - деді Бақытжан Сағынтаев.


Соңғы жаңалықтар