Алматы кардиологтары тұрғындарға видео және телебайланыс арқылы кеңес беретін болады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда қалалық кардиологиялық орталық басшылығы қызмет етудің жаңа форматы видео және телебайланыс форматына көшпек, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы мәлімдеді.

«COVID-19 жұғу қаупінің жоғары болуына байланысты жарияланған Төтенше жағдай аясында амбулаториялық қызмет көрсету мүмкін емес. Бірақ бұл ахуалдың кардиологиялық пациенттерге зардабы тимеуі үшін барымызды салатын боламыз», - деді қалалық Кардиологиялық орталықтың бас дәрігері Алмат Қодасбаев.

Енді кардиологиялық орталықта науқастар онлайн алаңда қаралатын болды.

Оларды кардиологиялық хирургия, интервенциялық кардиология бөлімшесінің меңгерушілері белгіленген графикке сәйкес қарайтын болады.

Қосымша сұрақтар болса 225-00-42 нөмірлеріне хабарласуға болады.


Соңғы жаңалықтар