Алматы қалалық соты бірнеше адам өліміне кінәлі тұрғынның даулы ісіне қатысты түсініктеме берді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы қалалық соты 20 қыркүйекте Ақбұлақ шағын ауданында болған оқиға кезінде қаза тапқан бес адамның отбасылары мен жақындарына көңіл айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматы қалалық соты Facebook -тегі парақшасында оқиғаға қатысты баспасөз парақшасын таратты. Онда істің барлық тұстары толық көрсетілген.

2011 жылы «Банк Центр Кредит» Ақ мен екі ЖШС арасында жалпы сомасы 102 млн теңге банк займына қатысты 2 келісімшарт жасалған. Займды қамтамасыз ету үшін банк жауапкер А.П. Демирчянмен Алматы қаласындағы жылжымайтын мүлік кепілдігі туралы келісімшарт жасасқан. Ол Алматы қаласындағы жер телімімен адам тұрмайтын үй-жай (сауықтыру орталығы, дәріхана дүңгіршегі, күзет ғимараты) және жер телімімен жеке үй. Сондай-ақ А.П. Демирчян мен И.И. Дужнов банкке екінші ЖШС-ның міндеттемелері бойынша жазбаша кепілдік берген.

Оқиға осыдан басталады. Істің барлық мән-жайы толық келтірілген баспасөз хабарламасында мынадай қорытынды жасалған.

«Азаматтың істің материалдарын талдау А.П. Демирчян мен И.И. Дужновтың өз құқығын қорғауда оларға білікті заңгерлер көмек көрсеткеніне қарамастан елеулі қате жібергенін көрсетеді», делінген хабарламада. Қалалық сот оларды бес тармақ бойынша атап көрсеткен.

1. 2014 жылы 2 желтоқсанда Алматы қаласы Алмалы аудандық №2 сотының борышты өндіру сомасына қатысты шешіміне жауапкерлер аппеляцияда, кассациялық тәртіпте де шағымданбағаны анықталды. Соған қарамастан сот отырысында олардың өкілі жауапкерлердің мүддесіне өкілдік еткен.

2. Жауапкерлер банктің жер телімімен адам тұрмайтын үй-жай түріндегі мүлікті өткізу жөніндегі сауда-саттық нәтижесіне шағым түсірмеген. А.П. Демирчян мен И.И. Дужновтың мүліктің құны зайымды жабуға жеткілікті 184 млн теңге тұрғанына қарамастан 96 млн теңге делініп төмендетілген құнмен банк мүлікті иеленді деген дәлеліне қарамастан жауапкерлер осы сауда-саттық нәтижесіне шағым түсірмеген. Сауда-саттық нәтижелері жауапкерлердің мүмкіндікті пайдаланбауы салдарынан сот тәртібінде заңдылығы тексерілмеген.

3. Жауапкерлер 2019 жылы 8 тамыздағы Алматы қаласы Алатау аудандық сотының шешіміне аппеляциялық, кассациялық тәртіпте шағым түсірмеген. Онда жеке сот орындаушыларының кепілдегі жеке үйді өткізу жөніндегі іс-әрекетіне шағымды қанағаттандырудан бас тартылған.

Осы шешіммен жеке үйді сату жөніндегі аукционның нәтижесі заңды деп танылған. Олардың шағым беруге әрекет жасамауы жауапкерлер соттың тұжырымымен келіскенін көрсетеді.

4. А.П. Демирчян мен И.И. Дужнов сырттай шешімді орындаудағы өзгеріс туралы сотқа өтініш беру жөніндегі құқықтарын пайдаланбаған. Соттың сырттай шешімін жою жауапкерлерге оны орындаудың өзгергені туралы өтініш беру мүмкіндігін береді. Ол электронды аукционның нәтижесін жоюға ықпал етер еді.

Бұл құқық туралы 2019 жылы 8 тамыздағы Алматы қаласы Алатау аудандық сотының шешімінде түсіндірілген, алайда жауапкерлер өз құқықтарын пайдаланбаған. Жауапкерлердің осындай өтініш беруіне аталған сот шешімімен және 2019 жылдың 27 қарашасында аппеляциялық инстанцияның кепіл мүлікті өндіріп алу қаулысы шыққанша дейінгі 3 ай аралығында уақыт болған.

5. А.П. Демирчян мен И.И. Дужнов 2020 жылы 10 маусымдағы Алматы қаласы Алатау аудандық сотының шешіміне және үйден шығарып жіберу туралы шешім қабылданғанға дейінгі 2020 жылы 28 қыркүйектегі Алматы қалалық сотының Азаматтық істер жөніндегі сот алқасының қаулысына кассациялық тәртіпте шағым түсіру құқығын пайдаланбаған.


Соңғы жаңалықтар