Алматы хайуанаттар бағының экс-директоры «Kazakh Tourism» басшылығына келді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ержан Еркінбаев «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Әртүрлі жылдары Ержан Еркінбаев «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортын, «Медеу» биік таулы спорт кешенін, Алматы хайуанаттар бағын басқарған. Оның жаңа қызметке тағайындалуы туралы бүгін Алматыда өтіп жатқан «Қазақстан Республикасында өңірлік туризмді дамытудағы негізгі мәселелер» конференциясында белгілі болды.

«Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы» АҚ Қазақстанды туристік бағыт ретінде әлемдік деңгейде алға жылжыту мақсатында 2017 жылы құрылған еді.

Авторы Данияр Дәуітәлиев

Соңғы жаңалықтар