Алматы хайуанаттар бағындағы тотықұстар жазғы торында қыстайды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы хайуанаттар бағының тарихында алғаш рет карелла және ақбасты розелла австралиялық тотықұстың екі түрі ашық аспан астындағы жазғы торында қыстауға қалдырылды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі зjобақтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Зообақ мамандарының айтуынша, бұл құстар Австралияның биік таулы аймағында өмір сүруге дағдыланғандықтан, өте төмен температураға төзімді. «Олар мамандардың бақылауында. Ең бастысы, дұрыс диета жасай білу, яғни пісте беру керек.  Бұндай шешім қабылдауымызға табиғат та әсер етті. Бірнеше жыл бұрын Арменияда, жеке коллекциядан ба, әлде басқа жерден бе білмеймін, әйтеуір тотықұстардың үлкен тобы ұшып кеткен. Кейбіреулерін ұстады, ал қалғандары жергілікті ауа-райына үйреніп кетті. Осы секілді оқиға Ұлыбританияда да болған. Әрине, егер ауа-райы күрт суытып, аяз болса, жылы орынға ауыстырамыз», - деді бақтың экзотикалық құстар бөлімінің меңгеруші Александра Пылайкина.

 

Соңғы жаңалықтар