Алматы: Гүлнар Көкебаева Жетісу ауданы әкімі болып тағайындалды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Гүлнар Көкебаева Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

26 қазанда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қатысуымен VI шақырылымдағы Мәслихат депутаттарының кезектен тыс сьезі өтті.

Сессия барысында «Жетісу ауданы әкімінің кандидатурасын талқылау» туралы мәселе көтерілді.

Қалалық мәслихат аудан әкімдігіне Көкебаева Гүлнар Ахметжанқызының кандидатурасын бірауыздан қолдады.

Көкебаева Гүлнар Ахметжанқызы 1974 жылы туған.

1998 жылы Қазақ Мемлекеттік Заң университетін бітірген.

2019 жылы М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолын Алматы облыстық Әділет басқармасында заңгер болып бастаған. Әр жылдары ҚР Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің ұйымдастыру бақылау бөлімінің бас маманы, Алматы қалалық Әділет басқармасының АХАЖ бөлім басшысы, Заңды тұлғаларды тіркеу бөлімінің басшысы, Департамент басшысының орынбасары, Департамент басшысы болып қызмет атқарған.

2020 жылдың тамызынан Алматы әкімі аппараты басшысының орынбасары қызметінде болған.


Соңғы жаңалықтар