USD 434.84 EUR 498.2
RUB 5.72 CNY 68.47
Jańalyqtar

Алматы дәрігерлері салмағы 530 грамм баланы аман алып қалды

2021 жылғы 27 қараша 18:52
Бөлісіңіз:
Алматы дәрігерлері салмағы 530 грамм баланы аман алып қалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат -Алматыда Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының дәрігерлері жансақтау бөлімінің қабырғасында шала туған сәбидің өмірі үшін 55 күн күресті. Қыз бала 26-шы аптада дүниеге келген, салмағы 530 грамм. Қазір нәресте анасымен бірге үйіне шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Алматыда ертең төтенше жағдай режимі толық аяқталады Ақтөбеде 2 көлік соқтығысып, жолаушы көз жұмды Павлодарда мас жүргізуші ескерткішке соғылған

Перинатология және балалар кардиохирургиясы орталығының баспасөз қызметінің мәліметінше, сәби 26 күн өкпені жасанды желдету аппаратында болған. Содан кейін ол жаңа туған нәрестелер патологиясы бөліміне ауыстырылды.
«Бүгінгі таңда 1 келі 925 грамм салмаққа жетіп, нәрестенің жағдайы тұрақталды», – дейді орталықтың бас дәрігері Гүлнәр Нұрланова.
Өз кезегінде қыздың анасы Орталықтың медицина қызметкерлеріне алғысын білдірді.
«Жүктілік патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Айгүл Ермұханқызы Сейталиеваға және басқа да дәрігерлерге, барлық акушерлерге,тазалық жұмыстарын жүргізген медбикелерге үлкен алғысымды білдіремін. Баршаңызға көп рахмет! Балаларымызға көрсеткен көмегіңіз үшін рахмет. Дендеріңізге саулық, жақындарыңызға амандық тілеймін. Орталықтарыңыз гүлдене берсін», - деді қыздың анасы.
Айта кетейік, жыл басынан бері орталықта 613 шала туған нәресте дүние есігін ашқан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT