Алматы дәрігерлері көпірден секірген ер адамның жағдайын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы дәрігерлері көпірден секіріп кеткен ер адамның жағдайы туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, 41 жастағы ер адам алкогольді мас күйінде Алматы қаласының Медициналық жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді.

«Оған «бассүйек-миының жабық жарақаты, миының шайқалуы, оң жақ жіліншігінің жабық сынығы» диагноздары қойылды. Қазір оның жағдайы «орташа ауыр» деп бағаланып отыр. Құлаған биіктігі шамамен 4-5 метрге жуық», - деді ведомстводан.

Еске салайық, ер адам автожол үстіндегі көпірден секіріп, жүріп келе жатқан машинаның астына түскен болатын.

Соңғы жаңалықтар