Алматы цифрлық даму жағынан Будапешт, Ташкент пен Бакуден алда келеді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласы Цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев пен International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігінің вице-президенті Андрей Беклемишев төрт жыл ішінде «конъюнктурадан» «қайталануға» дейін өскен «цифрлық даму» деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Баян Қоңырбаевтың айтуынша, цифрлық даму – сандық шешімдерді енгізу деңгейінің негізгі көрсеткіші.

«Цифрлық трансформация – бұл жаһандық өзгеріс. Оның басты міндеті – цифрлық дамудың барлық салада жоғары деңгейде болуы. Сондықтан цифрлық трансформация процесі сәтті болады», – деді басқарма басшысы.

Сонымен қатар, ол International Data Corporation (IDC) халықаралық ақпараттық-талдау агенттігі Алматыны «Ақылды қала» ретінде бағалағанын атап өтті.

«IDС әдіснамасы 5 өлшем бойынша 19 критерийді қамтиды: пайымдау, мәдениет, процестер, технологиялар, деректер. Қорытынды баға әр критерий үшін арифметикалық орта ретінде есептеледі және 0-ден 5-ке дейін өзгереді», – деп түсіндірді Андрей Беклемишев.

Бағалау нәтижелері бойынша 2021 жылы Алматы 5 ұпайдан 2.7 ұпай жинады. 2017 жылмен салыстырғанда қала «Конъюнктуралық» (opportunistic) деңгейінен «қайталанатын» (Repeatable) деңгейіне ауысып, нәтижені жақсартты.

Спикердің айтуынша, соңғы 4 жылда әлемдегі бірде бір қала 5.0 деңгейіне жетпеген. Азия өңірінде Сингапур (5.0 деңгейіне жақындады), Сеул, Дубай, Йокогама жоғары нәтижелер көрсетті. Еуропада-Лондон (4 деңгей), Амстердам, Барселона. ТМД аймағында Мәскеу көш бастап тұр (3 пен 4 деңгей арасында).

Алматы Будапешт, Ташкент және Бакуден озып, ТМД-мен Шығыс Еуропа өңірлерінде жетекші қалалар тобына енді.


Соңғы жаңалықтар