Алматы блокпостындағы жол апаты: Үшінші полицейдің жағдайы қалай

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда блокпоста болған жол апатында зардап шеккен полиция қызметкерінің жағдайы жақсарып келеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы жақсарып келеді. Жансақтау бөлімінен профильді нейрохирургия бөліміне ауыстырылды. Емдеу жалғасады. Денсаулығын қайта қалпына келтіру мен оңалту басталды»,– дейді нейрохирург Александр Романчик.

Бұған дейін полицейдің ауыр халде екенін хабарлаған болатынбыз. Дәрігерлер тексеру барысында қосарласқан жарақат, басының шүйде бөлігінің жарақаты, миы соққы алғанын анықтап, шұғыл түрде ота жасады .

Еске салайық, 25 мамыр таңғы сағат 05:26-да BMW маркалы көліктің 1992 жылғы жүргізушісі мас күйінде блокпостағы полиция көлігіне соғылды. Салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды .


Соңғы жаңалықтар