«Алматы-Бішкек» трассасында ұсталған көліктен 7 млн теңгенің дәрісі табылды

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысында құны 7 млн теңгеден асатын дәрілік препараттары бар автокөлік ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.

6 шілдеде Қаржы мониторингі комитеті Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында «Алматы-Бішкек» тасжолында рұқсат құжаты және лицензиясы жоқ дәрілік затты заңсыз сатқан тұлғаларды ұстады.

Көлікті тінту кезінде 7 млн теңгеден астам сомаға «Азитромицин» дәрілік препаратының 10 қорабы (әр қорапта - 242 қаптама) тәркіленіп алынды.

Аталған факті негізінде ҚР ҚК 214-бабы бойынша іс қозғалды.

Айта кетейік, Қаржы мониторингі комитетінің экономикалық тергеу қызметі 5-6 шілде күндері еліміздің барлық аумағында дәрі-дәрмекті заңсыз сатудың 18 фактісін анықтады. 727 млн теңгеден астам сомаға 182 мың қаптама түрлі дәрілік заттар тәркіленді.


Соңғы жаңалықтар