+7 (701) 759 90 19
USD 419.96 EUR 510.88
RUB 5.72 CNY 64.97
Jańalyqtar

Алматы-Бішкек трассасында бензин тасымалдайтын көлік екі машинамен соқтығысты

2020 жылғы 5 желтоқсан 15:50
Бөлісіңіз:
Алматы-Бішкек трассасында бензин тасымалдайтын көлік екі машинамен соқтығысты

ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы-Бішкек тас жолының 27-шақырымында екі жүк көлігі және «Toyota Рrado» автомашинасы соқтығысты. Салдарынан екі адам қаза тапты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 желтоқсан күні кешкі сағат 18.00 шамасында болған. Алдын ала болжам бойынша, жанар-жағар май таситын және жол талғамайтын көліктер кері бұрылмақ болғанда қарсы бағытта келе жатқан бетон араластырғышқа соғылған. Жол ережесі бойынша екі көлік те қарсы келе жатқан көлікті өткізуі керек еді.

Бетон араластырғыш көлік алдымен, «Toyota Рrado» көлігіне соғылып, артынша жанар-жағар май таситын көлікке соғылған. Оқиға орнында жол талғамайтын көліктің жүргізушісі мен жолаушысы қайтыс болды.

«Қазіргі таңда жол көлік оқиғасы бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 345 бабы, 4-ші бөлігі бойынша іс қозғалып тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Іс Алматы облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының қадағалауына алды», - делінген Алматы облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Самал Қабышева

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT