Алматы барахолкасында 3 базар қайта жаңғыртылып жатыр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов баспасөз мәслихаты барысында барахолкадағы 3 базардың жаңғыртылып жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Атап айтқанда, Ялянь-2 базарында ауданы 12 мың шаршы метр болатын 400 сауда орны биыл ақпанда ашылады.

«Рахат-KZ» базарында ауданы 6 мың шаршы метр аумақта 600 сауда орны жасақталады. Жаңа базар мамырда ашылады.

«Алатау» базарының 4 блогында 250 сауда орны қосымша ашылып, 6 мың шаршы метрге кеңеймек. Бұл базардың ашылуы - шілдеде

Одан бөлек, 400 сауда орны бар «Керемет» жаңа сауда үйінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр. Жаңа нысан 2020 жылдың тамызында пайдалануға беріледі.

Аудан әкімінің айтуынша, 3 базардың қайта жаңғырту жұмыстары биыл аяқталады. Қалған 5 базардың қайта жаңғыртылуының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр.

«Байсат» базары да биыл қайта жөндеуден өтеді. Біздің басты міндетіміз – контейнерлер емес, дүңгіршектер салу. Заңсыз контейнерлерден көлеңкелі тауар айналымын жарыққа шығару керек», - деді спикер.

Оның айтуынша, ауданда 941 өнеркәсіп өндірісі, 37 ірі кәсіпорын, 904 шағын кәсіпорын орналасқан.

Жетісу ауданы бөлшек сауда бойынша 8 ауданның ішінде 1-орын, көтерме сауда бойынша 4-орында тұр.

Соңғы жаңалықтар