Алматы авиациялық көлік прокуроры халықаралық әуежайға тексеру жүргізді

None
None
АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат - Алматы авиациялық көлік прокурорының оңтүстік астананың халықаралық әуежайында жүргізген тексеруі нәтижесінде «Ойын бизнесі туралы» заң талаптарының бұзылғандығы анықталды.

Бұл ақпаратты еліміздің Бас прокуратурасының баспасөз қызметі таратып отыр.

Желілік ішкі істер бөлімінің тексеру материалдары бойынша 2 жеке кәсіпкерге қатысты әкімшілік іс қозғалып, сот қарауына жіберілген.

«Мамандандырылған әкімшілік сот кінәлі тұлғаларға 300 АЕК көлемінде айыппұл салып, ойын автоматтарын және заңсыз тапқан кірістерін алуға шешім қабылдады», делінген баспасөз хабарламасында.

Сот орындаушылары тәркіленген 18 ойын автоматтарын қайта пайдалануға жатпайтындықтан «Тәртіп» полигонында жойған. Оған көлік прокуратурасының қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты.

Соңғы жаңалықтар