Алматы әуежайындағы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы халықаралық әуежайы рейстер кестесі өзгеруі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Алматы әуежайында қалың тұманға байланысты әуе рейстерінің қозғалысында өзгерістер болуы мүмкін. Әуежай штаттық режімде жұмыс істеп жатыр. Бұл нысан жақында қайта жаңғыртудан өткен болатын. ИКАО ІІІ В дәрежелі сертификаты бар. Бұл қалың тұман жағдайында көлденең көрініс 75 метр болса да ұшақтарды қабылдап, 125 метрге жеткен кезде де ұшақ ұшыра алады дегенді білдіреді. Алайда ол үшін экипаждың да соған сәйкес сертификаты болуы шарт», - делінген әуежай хабарламасында.

Әуежайдың хабарлауынша, дәл қазір әуежайда көрініс 30/100 метр, ауа температурасы - 5 градус аяз.

Мекеме жолаушыларға жолға шықпас бұрын рейстер жөнінде ақпарат біліп алу керектігін ескертеді.




Соңғы жаңалықтар