Алматы әуежайында екі ирандық жалған төлқұжатпен ұсталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – «Алматы» әуежайында шекарашылар екі әйелді ирандықты Италия Республикасының қолдан жасалған паспортымен ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«12 қазанда сғаат 06.30-да «Алматы» әуежайындағы «Алматы» өткізу пунктінде шекарашылар Италия Республикасының жалған паспортымен «Ыстанбұл – Алматы» бағытымен ұшпақ болған екі Иран азаматын анықтады», делінген хабарламада.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, шекара жасағы әуе рейсін ресімдеу кезінде ұсынылған құжаттардағы Италия паспорттарының жасанды екені анықтады. Бұл құжаттарды ұсынған Иран азаматтары екендігі белгілі болды.

«Шекара жасағы аталған паспорттарды жіті тексерді. Италия паспорттары бектілген үлгіге сәйкес келмейтіндіктен толық жасанды екені анықталды. «Алматы» өткізу пунктінің шекарашылары жалған құжат ұсынғандардан Иранның паспортын тауып алды», делінген хабарламада.

Шекарашылардың мәліметінше, құқық бұзғандар анасы мен қызы болған.

Соңғы жаңалықтар