Алматы «ақылды» қалалар рейтингінде екінші орында тұр

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- Алматы ТМД «ақылды» қалаларының арасында екінші орында тұр. Бұл туралы брифинг барысында қаланың цифрландыру басқармасының басшысы Баян Қоңырбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, Алматы ТМД мен Шығыс Еуропа аумағындағы қалалардың көшбасшы тобына кіреді.

«Біздің мегаполис Мәскеуден кейін «ақылды» қалалар рейтингінде - екінші, ал IDC рейтингіндегі цифрлық жетілу деңгейі - 2,7 балл. Цифрландыру туралы айтқанда, процесстер «Алматы-2050» және «Цифрлық Қазақстан» бағдарламаларының стратегиялық мақсаттарына сәйкес келуі тиіс екенін түсінген жөн. Біз қаланы цифрландырумен қатар, тұрғындар үшін қолайлы жағдай жасауға тырысамыз. Біздің басқарма «ақылды» қаланың 11 саласын қамти отырып, түрлі мемлекеттік органдар ұсынған 17 цифрлық офицерді бекітті», - деп атап өтті спикер.

Алматыда бірыңғай деректер базасы, сингапурлық Smart City моделі бойынша бірқатар жобалар іске асты.

Аталған ІT-платформа мемлекеттік органдарға өзара деректермен дереу алмасуға мүмкіндік береді.

«Мәселен, 2021 жылы қаланы цифрландыру басқармасының жұмысындағы басты бағыт – бірыңғай коммуникациялық кеңістік құру, қала қызметіне ІT кеңесті тарту және қолданбалы форматтта университеттермен өзара іс-қимылды қалыптастыру болды», - дейді Баян Қоңырбаев.

Негізгі идея – барлық білім мекемелерін, технопарктерді, акселераторлар мен ІТ-компанияларды тікелей байланысты қамтамасыз ететін бір платформаға біріктіру.

«Бірыңғай коммуникациялық кеңістік – ІT бизнес, ІT таланттар және білім кластері үшін бір терезе. Қазірдің өзінде платформада 1800 ІТ талант, 17 ІТ компания тіркелген, 18 бос жұмыс орны орналастырылған, 47 білім курсы бар»,- деді ол.

Спикер Алматының кластерлік дамуы аясында қалалық ІТ компаниялар орналасатын аудандық ІТ хабтар жобасының іске асырылып жатқанын жеткізді.

«Жеке инвесторлардың қолдауы арқасында қалада француз бағдарлама мектебінің ECOLE 42 -Academie ONE Informatique моделі бойынша жаңа буын бағдарламалау мектебі құрылуда. Бұдан бөлек, қала әкімдігі ІТ кәсіпкерлерді жүйелі қолдау үшін кезеңмен грант бөледі»,-деді ол.


Соңғы жаңалықтар