+7 (701) 759 90 19
USD 429.59 EUR 507.3
RUB 5.62 CNY 64.1
Jańalyqtar

Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

2020 жылғы 21 қыркүйек 11:24
Бөлісіңіз:
Алматы әкімінің орынбасары тағайындалды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Мақсат Қиқымов Алматы қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Азамат Әмірғалиев Әділет вице-министрі болып тағайындалды Жуалы аудандық ауруханасының бас дәрігері қызметінен босатылды Алматы: Гүлнар Көкебаева Жетісу ауданы әкімі болып тағайындалды

Мақсат Қиқымов 1986 жылы дүниеге келген. Банк ісі академиясы колледжінің, Алматы Экономика және статистика академиясының, «Тұран» университетінің түлегі.

Қаржы, мұнай салаларында және мемлекеттік қызметте 15 жылдан астам жалпы еңбек өтілі бар.

Еңбек жолын 2005 жылы «Альянс банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалының бухгалтерлік есеп және есеп бөлімінің маманы ретінде бастаған.

2006 жылдан 2012 жылдары аралығында «Альянс банк» АҚ Алматы қаласындағы филиалында бас маман, бас бухгалтердің орынбасары, бас бухгалтер, бэк-офистің басқарушысы, «Астана - финанс» Банкі АҚ Алматы филиалының бас бухгалтері, «Трансервис-Миллениум» ЖШС қаржы директоры, әдіснама басқармасының бастығы, әдіснама және автоматтандыру мен бизнес-процестер басқармасының бастығы, «Кредит Алтын Банк» АҚ Бас бухгалтер-Басқарма мүшесі, «Bank RBK» АҚ банктік технологиялар департаменті директорының орынбасары болды.

2012-2015 жылдары Алматы қаласы Қаржы басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарды.

2015 жылдың шілдесінен 2017 жылдың қыркүйегіне дейін Алматы қаласы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарды.

2017 жылдың қыркүйегінен 2018 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы болды.

2018 жылдың шілдесінен 2019 жылдың шілдесіне дейін Алматы қаласы Туризм басқармасының басшысы болды.

2019 жылдың шілде айынан бастап Алматы қаласы Жетісу ауданының әкімі қызметін атқарды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Алма Мұқанова

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT