Алматы әкімі туристерге арналған трамвайды жолға шығаруды ұсынды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы тұрғындарымен кездесуінде Бақытжан Сағынтаев Көкбазардан төменгі аймақта арнайы туристік трамвайды жолға шығаруды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Менің ойымша, бұрынғы трамвай жүйесін қайтару мүмкін емес. Бұл біздің қаламыздың тарихы болып қалады. Қазір электр желісімен жүретін электробустар, БРТ, ЛРТ сияқты көліктермен шешіліп жатыр», - деді ол.

Қала әкімі Стамбулдағыдай туристерге арналған трамвай шығаруды ұсынды.

«Ол жақта арнайы көше бар. Ол көшеде трамвай жүреді. Бұл көлік ескі қаланы аралатып көрсетеді. Көкбазардың айналасында бізде де ескі үйлер көп. Бізде осы орайда идея туды. Біз де ескі қаланы аралатау үшін қалаға келген туристерге осы мүмкіндікті пайдалансақ. Ал, барлық қалада қайтадан трамвай желісі салынбайды», - деді әкім.

Айта кетейік, Алматыда Бақытжан Сағынтаевтың есепті кездесуі өтіп жатыр.

Жиында әкім қала үшін 400 жаңа автобус сатып алынатынын хабарлады.

Сондай-ақ Алматы меншігіне 383,5 гектар жер қайтарылғандығын айтты.

Соңғы жаңалықтар