Алматы әкімі нұротандықтарды қала тұрғындарының өзекті мәселелерін тиімді шешуге шақырды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Nur Otan партиясы қалалық филиалының саяси кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Саяси кеңесте қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді тиімді шешуге нұротандықтардың жұмысын қайта бағдарлау міндеті қойылды. Сондай-ақ, партияның кезектен тыс съезінің делегаттары сайланды.

Nur Otan партиясының Алматы қалалық филиалы саяси кеңесінің жұмысына филиалдың активі, депутаттар мен аудандық филиалдардың өкілдері қатысты.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының саяси кеңесі Мемлекет басшысының Алматыда конституциялық тәртіпті орнату және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылдаған шараларын бірауыздан қолдады.

Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау аясында Алматыда бизнес шығындарын өтеу, сондай-ақ қаланың зардап шеккен ғимараттары мен құрылыстарын қалпына келтіру бойынша жұмыстар белсенді жүргізіліп жатқанын еске салды.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Бақытжан Сағынтаев нұротандықтардың жұмысты қала тұрғындарын толғандыратын өзекті мәселелерді тиімді шешуге бағыттауы керектігін атап өтті.

Партияның кезектен тыс съезіне 28 нұротандық қатысады. Делегаттар қатарында Nur Otan партиясының саяси кеңесі мен бақылау-тексеру комиссиясының мүшелері, сондай-ақ партияның аудандық филиалдары мен Jas Otan жастар қанатының өкілдері бар. Жарғы құжаттарына сүйене отырып, партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Б. Сағынтаев Nur Otan партиясы Саяси кеңесінің мүшесі ретінде съезд делегаттарының қатарына кірді.


Соңғы жаңалықтар