Алматы әкімі Мәскеудің даму тәжірибесіне қызығушылық білдірді

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат– Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Мәскеу үкіметінің министрі, сыртқы экономикалық және халықаралық байланыстар қалалық департаментінің басшысы Сергей Череминді қабылдады, деп хабарлайдыҚазАқпарат.

Кездесу барысында Сергей Черемин дамудың қалалық бағдарламаларын, қоғамдық кеңістікті өзгертудің, денсаулық сақтау мен білім саласындағы реформаларды жүзеге асырудың тәжірибелері туралы айтты. Сонымен қатар, қонақ тұрғын үй қорын, көлік инфрақұрылымын модернизациялау және коммуналдық шаруашылықты цифрландыру, мегаполистің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету жөніндегі ақпаратпен бөлісті.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қаланы басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен инновацияны енгізуде Мәскеудің даму тәжірибесі ұтымды екенін атап өтті.

«Біздің қалаларда ынтымақтастықты және денсаулық сақтауды, білімді, көлік инфрақұрылымын, ТКШ және цифрландыруды модернизациялау мәселелері бойынша тәжірибе алмасуда жақсы перспективалар бар»,– деді Б. Сағынтаев.

Алматыда «шетсіз қала» қағидасы бойынша халықтың тұратын жеріне қарамастан жайлы өмір сүру және әлеуметтік қызметтерді алу үшін барлық жағдайлар жасалатын болады.

Соңғы жаңалықтар