Алматы әкімі Абай көшесін созу қашан аяқталатынын айтты

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Алматы телеарнасындағы тікелей эфирде Абай көшесін созу қашан аяқталатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз белгілі бір жұмыстарды атқарып болдық. Алайда, ол жерде өте көп көлемде сүру жұмыстарын жүргізу керек екен. Сот отырыстары да өтті, кейбір жерлерді қаржыландыруға қаражат жетпеді. Келесі жылы қаржыландыру мәселесін қайта қарап, оң шешімін таптық», - деді Akimat Live эфирінде қала әкімі.

Оның айтуынша, бұл жобаларға қаражат тек жергілікті бюджеттен ғана емес, республикалық бюджеттен де бөлінеді.

«Абай көшесін созуды келер жылдың соңына дейін аяқтайтын боламыз. Бұл басқа көшелердегі жүктемені азайтуға көмектеседі», - деді әкім.


Соңғы жаңалықтар