Алматы әкімдігінің ғимараты қанша уақытта қалпына келеді
2022 жылғы 13 қаңтар 20:44

Алматы әкімдігінің ғимараты қанша уақытта қалпына келеді

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Жайлы қалалық орта басқармасының басшысы Сапар Нұрашев өрттен зардап шеккен қалалық әкімдік ғимараты қашан қалыпқа келтірілетінін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта ғимарат ішінде өрт салдарынан тазарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұған шамамен екі-үш күн кетеді. Жұмысқа 20-ға жуық жеке құрылыс компаниясы тартылды.

Ғимараттың жалпы ауданы 33 мың шаршы метр.

«Қалалық әкімдік ғимараты тәртіпсіздік кезінде өртеніп, қирады. Жұмыс көлемі өте үлкен. Сондықтан оны 100 пайыз қайта қалпына келтіреміз. Қазір ішін тазалау жұмыстары жүріп жатыр. Техникалық тексеру жүргізу үшін барлық салмақ түсетін құрылымдар ашық болуы тиіс», - деді Сапар Нұрашев.

Спикердің сөзінше, техникалық тексеру жүргізуге тағы 10 күн кетеді. Осыдан кейін мамандар ғимаратты қалпына келтіру бойынша жобалау-смета құжаттамасын әзірлейді.

Сапар Нұрашев ғимарат бұзылмауы мүмкін екенін тілге тиек етті.

«Кеше біз тексеріп шықтық. Ғимарат бұзылмауы мүмкін. Қалпына келтіру жұмыстары шамамен 5-6 айға созылады. Бюджет әлі анықталған жоқ», - деді басқарма басшысы.


Ұқсас жаңалықтар
Автор:
Тілші

Jańalyqtar

MURAǴAT