Алматы әкімдігі Жетісу ауданындағы 309 үйді заңдастыруды қолға алды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін Жетісу ауданы тұрғындарымен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ол Іnstagram желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

Кездесу осыдан 5 жыл бұрын қала аумағына қосылған «Кемел» шағын ауданында өтті. Тұрғындарды негізінен әлеуметтік және коммуналдық инфрақұрылым мәселелері алаңдатып отыр.

«Бұл мәселелер «Шетсіз қала» қағидасына сай шешілуде. Алатау ауданындағыдай, Палладин көшесіндегі 309 үйді заңдастыру мәселесін жүйелі түрде шештік. 99 құжат жер комиссиясының қарауына ұсынылды, қалғандары бойынша жұмыс жүруде. 2021 жылдың соңына дейін 152 көшеге 160 шақырым су құбыры және кәріз желілерін тартамыз. Соның арқасында тұрғындар ауыз сумен толық қамтамасыз етіледі. «Алатау жарық компаниясы» балансына иесіз 66 шақырым электр желісі беріледі. Бұл проблемалар тұрғындармен алғашқы танысу кездесуінде де айтылған болатын. Оларды шешу үшін бағдарламаларды түзеттік және бюджетті қайта қарадық. Мәселелерді тиімді шешу үшін аудан әкімдіктерінде «ашық есік күнін» өткізетін уақыт анықталып, тұрақты түрде өтеді», - деді Бақытжан Сағынтаев.

Мұның алдында қала әкімі Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездес

кен болатын.
Соңғы жаңалықтар