Алматы әкімдігі толассыз жауған қармен күресті жалғастыруда

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматы әкімдігі көшелерді қардан тазарту бойынша жүргізіліп жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Алматыда екінші тәулік қар мен жаңбыр жауып тұр. Таңертеңгі жағдай бойынша, таулы аумақтарда 45 см қар жатты. Қаланың ішінде ауа температурасының жоғары болуына орай қар жамылғысының қалыңдығы 4 см-дан аспайды.

«Көктайғаққа қарсы материалдарды шашу жұмыстары жүргізілуде. 6 және 7 наурыздың түнгі уақытында 1220 тонна материал пайдаланылды. Қарды күреу бойынша колонналар ұйымдастырылды. Таулы аумақтарда қарды шығару жұмыстары жүргізілуде. Онымен бір мезгілде тротуарлар, жаяу жүргіншілер жолы, қоғамдық көлік аялдамалары, көлік тұрақтары тазартылуда», - деді әкімдіктен.

Қар салдарын жоюға 566 техника және 1400 ден астам жол жұмыскері жұмылдырылған.

Қала және аудандардың әкімдіктерінде қарды жинау жұмыстарын бақылау бойынша тәулік бойғы кезекшілік ұйымдастырылды.

«Қазгидромет» РМК болжамынша, қардың жаууы бүгін, 7 наурызда тоқтауы тиіс. Қазіргі ауа температурасы 2, -7 градус.


Соңғы жаңалықтар