+7 (701) 759 90 19
USD 399.67 EUR 452.95
RUB 5.82 CNY 56.36
Jańalyqtar

Алмасбек Купаев: Президенттік кадр жастар резерві – мүмкіндіктер көкжиегі

2020 жылғы 5 ақпан 06:33
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Жалағаш ауданының тұрғыны Алмасбек Купаев Президенттік кадр жастар резерві жайында ой-пікірін білдірді.

Ол Сыр өңірінен аталмыш мемлекеттік маңызы бар шарада бақ сынаған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында айтылған аталмыш жоба жайында естіген едім. Алғашқыда толқыдым. Онда білімді талай жастың білімі мен біліктілігі бәйгеге түсерін жақсы білдім. Десе де мен де сол шарада өз бағымды сынап көруге бел будым. Әрине, ол үлкен жауапкершілік екені белгілі. Сынаққа барынша дайындық жасадым. Межелі күн де келіп жетті. Өзім қатарлас жастармен бірге сол сынаққа қатыстым. Шынын айту керек, алған білімімнің арқасында өзімді жақсы қырымнан көрсете алдым деп ойлаймын. Қаншама мамандар келді. Олар әрбір үміткердің деңгейін әділ түрде таразылады. Ешқандай бұра тарту жағдайын көрген байқамадым. Өзім сол сынақтың бірнеше сатысынан өттім. Оған көзім айқын жетті. Өзім Қарағанды мемлекеттік университетінде педагогика саласы бойынша білім алдым. Қазір аудандағы Жалағаш психологиялық-медициналық арнайы педагогикалық консультациясы мемлекеттік мекемесінде басшы қызметін атқарамын», - деді Алмасбек Купаев.

Оның айтуынша, бірнеше кезеңге созылған сынақ барысында әрбір үміткер өзін жан-жақты көрсетуге мүмкіндік алған. Өзгелер секілді Алмасбек те әрбіріне жан-жақты дайындығын жүргізген.

«Әрбір кезеңнің өзіне тән жауапкершілігі мен қиындығы болды. Елордададан жырақта жүрген біздер үшін қабілет пен қарым, білім мен біліктілікті көрсету оңайға соқпасы анық еді. Мұндай сынаққа үміт білдірген жастардың қарасы қалың. Әрбір кезеңнің өзінен өте алмай қалғандары да кездесті. Жақсы дайындықтың арқасында мен бірнеше кезеңнен сүрінбей өттім. Алғашқы кезеңдердегі логикалық сұрақтар, жоба қорғау секілді сынақта өзімді барынша жақсы қырымнан көрсетуге күш салдым. Жобаны қорғау сатысында өзім еңбек етіп жүрген педагогика саласындағы инклюзивті білім беру тақырыбында ойымды жеткіздім. Қазір бізде мүмкіндігі шектеулі өрендер үйден білім алуға мәжбүр. Мен өз жобамда оларды мектепте білім алуына жағдай жасау туралы айттым. Ол мақсатта арнайы мамандар дайындау қажеттігіне тоқталдым.

Айта кетерлігі, бізде тютер деген мамандар дайындала бермейді. Ол дефектология мамандығы бойынша арнайы курс ретінде ғана оқытылады. Бұл жобам жоғары бағаланды. Одан кейінгі эссе жазу да еңбегім жақсы деп бағаланып, сынақтың соңғы кезеңіне жеттім. Онда түрлі сала өкілдерінен құралған комиссия алдында әңгімелесу жүргізілді. Бұл кезеңде сан алуан тақырыптар бойынша сауалдарға лайықты жауап қайтардым. Мен алғашқыда Президенттік жастар резерв шарасына қатысуға жүрексінген болатынмын. Сынақтарды тапсыру барысында барлығының әділ өткеніне көзімді жеткіздім. Елімізде білімді, білікті жастардың көп екенін аңғардым», - дедім А.Купаев.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT